«Жоғары табысы бар жұмыс...»: ІІМ маңызды ескерту жасады
Фото: depositphotos.com
ІІМ алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде жоғары табыс ұсынып, жұмысқа орналастыру туралы хабарландыру жариялап жатқанын айтып, азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Жалған жарнамалар
Азаматтарға жалған сайттарға сілтемелер, жеке деректі жинауға арналған сауалнамалар жіберіледі немесе жұмыс істеуге арналған зиян мобильді қосымшаны орнатуды ұсынады.
ІІМ мәліметінше, бұл алаяқтарға банк деректерін, мессенджерлерді және құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қауіпті ұсыныстар қатарында шетелде жұмыс істеу туралы жалған жарнамалар да бар.
ІІМ мәлімдемесі
Азаматтарды IT, қонақ үй бизнесі саласында немесе call орталықтарға жұмысқа орналастырамыз дейді де, шетелге әкету үшін жалдайды. Дегенмен олар еңбек құлдығына, сексуалдық құлдыққа түсуі, зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Кейбір жағдайларда зардап шеккендерді басқа азаматтарды алдау немесе дене мүшелерін трансплантациялау схемаларында пайдаланады, - деп ескертті ведомство өкілі.
ІІМ күмән туындаса, бірден полицияға хабарласуға шақырды.
Пікірлер (0)