Атышулы Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды

Жаңалықтар
view 125
news

Фото: видеодан скрин

Алматы облысы Талғар ауданы сотында атышулы Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Соттағы соңғы сөзі

Сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлағаны, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені және бопсалағаны үшін кінәлі деп тапты. Осылайша Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, 10 қарашада өткен сотта Хасан Қасымбаев соңғы сөзін айтқан еді. Ол өзін Шерзат Болат ісі төңірегіндегі резонанс пен "Әлімовтің жалған айғақтары" үшін соттап жатқанын мәлімдеді.

Бұл істі қоғамды тыныштандыру үшін қолдан ұйымдастырды. Кінәлі адам керек болды, сол рөлге мені тағайындады. Менің кінәмді дәлелдейтін бірде-бір айғақ жоқ. Барлығы тек жәбірленуші Әлімовтың сөзіне ғана негізделген. Ал ол – есірткіге тәуелді, бұрын сотталған адам, – деді Қасымбаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Хасан Қасымбаев соттағы соңғы сөзін айтты: Ол не деді

«Өзімді өртеймін!»: Атышулы Хасан Қасымбаевтың әйелі сот залында шу шығарды

Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз

Мені Шерзат Полат ісінің айналасындағы шуға байланысты соттап жатыр. Халықты тыныштандыру үшін. Сонымен қатар Әлімовтың жалған сөзіне сүйеніп отыр. Айыптаулардың барлығы тек оның куәліктеріне негізделген, нақты дәлел жоқ. Мен Алланың және заңның алдында арым таза. Үйде мені отбасым мен балаларым күтіп отыр. Соттан әділ шешім шығарып, мені кінәсіз деп тануын сұраймын, – деді ол.

Хасан Қасымбаевқа қатысты іс

Айта кетейік, Хасан Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған болатын: адам ұрлау, қасақана ауыр жарақат салу және бопсалау. Онымен бірге тағы бес адам айыпталушылар қатарында болды.

Істе екі жәбірленуші бар, олар - ММА файтері әрі жаттықтырушы Арман Әлімов және кәсіпкер Әріпжан Тәжиев.

Хасан Қасымбаев 2024 жылы 2 қарашада ұсталған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *