Димаш Құдайберген танымал CNN телеарнасына сұхбат берді (ВИДЕО)
Фото: Илья Дмитрячев/ТАСС
Әйгілі әнші Димаш Құдайберген әлемдегі ең танымал телеарналардың бірі CNN-ге тікелей эфирде сұхбат берді, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Димаш Құдайберген қашан үйленетінін айтты
«Маскадағы адам» – Димаш Құдайберген...»: Журналистің жазбасы қызу талқыға түсті
Тележүргізуші Димаштан не туралы сұрады
Әнші сұхбатты пайдаланып, жанкүйерлерін 12 қарашада OVO Wembley Arena-да өтетін концертіне шақырды.
Бүгін Лондонға келе сала әлемдегі ең танымал телеарналардың бірі – CNN арнасына What We Know with Max Foster атты бағдарламада тікелей эфирге қосылу бақытына ие болдым. Мені шақырғандарыңыз үшін рақмет! Барлығыңызды 12 қарашада OVO Wembley Arena-да өтетін концертте асыға күтемін, Dears! - деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Видеода жүргізуші алдымен Димашты таныстырып өтіп, «оны тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша жанкүйерлері бар, алты октавамен 16 тілде ән шырқай білетін қазақ әншісі» деп атайды.
Сондай-ақ ол Димаштан сұхбат барысында музыкалық білімі, музыкада таңдаған бағыты мен алты октаваға қалай қол жеткізгені туралы сұрайды.
«Ақша үшін әнші атанбадым»
Сұрақтарына жауап берген Димаш студияда ұстазы Марат Айтымовқа алғыс айта отырып, «әншіліктегі басты миссиясы қазақ мәдениетін әлемге паш ету екенін» сөз етеді.
Мен ақша не басқа коммерциялық дүние үшін халықаралық әнші атанбадым. Мен жай ғана әлем аудиториясына тарихымызды, дәстүрімізді, мәдениетімізді, махаббат пен бейбітшілікті паш еткім келеді. Қазақстанға қош келдіңіздер, - дейді Димаш.
Әншінің сүйінші жаңалығына куә болған желі қолданушылары Димашқа құттықтауларын жаудырды.
«Димаш, ағылшыншаң жақсара түсіпті, сені сондай мақтан тұтамыз!», «Қымбатты Димаш, қадамың құтты болсын, CNN-ге алғыс айтамыз, Мексикадан жалынды сәлем», «Лондонда және Ригада кездескенше», «Сен бұдан да артығына лайықсың», - деп жазды желі қолданушылары.
Пікірлер (0)