«Маскадағы адам» – Димаш Құдайберген...»: Журналистің жазбасы қызу талқыға түсті

Жаңалықтар
view 123
news

Фото: ашық дереккөз

Журналист, қоғам белсендісі Азамат Ерғали әлеуметтік желідегі жазбасында "Маскадағы адам" Димаш Құдайберген секілді деген ойын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Менің ойымша, "Маскадағы адам" – біздің Димаш Құдайберген секілді. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? – деп жазды ол.

Бұл жазба әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Кейбір қолданушылар белсендінің ойын қолдап, "мүмкін, расында Димаш шығар" десе, басқалары өзге нұсқаларды алға тартты. Бірі бұл – елге белгісіз меценат десе, енді бірі танымал кәсіпкер болуы мүмкін деп болжады.

Қазіргі уақытта "Маскадағы адамның" шынайы тұлғасы ресми түрде анықталған жоқ. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары қайырымды жанның кім екенін білгісі келіп, түрлі жорамалдар мен пікірлерін үздіксіз жазып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *