Белгілі әдебиет сыншысы Ғалым Доскен өмірден өтті
Фото: Жас Алаш
Бүгін филолог, әдебиет сыншысы, режиссер, сценарист Ғалым Доскен қайтыс болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ғалым Доскен туралы
Ол 1960 жылы 19 шілдеде дүниеге келген. Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын тәмамдаған.
Еңбек өтілі: «Қазақстанның республикалық телевидение және радио корпорациясы» ЖАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары (2001-2002); «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы (2002-2006); «Ел» продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі (2007 жылдан бастап).
Еңбектері
«Сәулені күту», «Ұлы дала астаналары», «Маңғыстау қабірлерінің түсі», «Жоғалған жарық хроникасы» және т.б. фильмдірінің, «Тоғыз құйрықты ақ түлкі», «Сиқырлы флейта», «Билейтін құс» кітаптарының, «Жезтырнақ» балеті либреттосының, аудармалардың авторы.
Пікірлер (0)