Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарының митингісі: Тоқаев Бас прокурорға тапсырма берді
Фото: Tass.ru
Тоқаев Астанада әскерде қаза тапқап сарбаздардың аналарының митингісінен кейін Бас прокурорға тапсырма берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Президент не деді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Баламды әскерде өлсін деп тумадым»: Ашынған аналар Астанада митинг өткізіп жатыр
«Регламент сақтаңыздар»: Митингіге шыққан аналармен генерал Қайрат Үмбетов кездесті
Қорғаныс министрлігі де Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары өткізген митингке қатысты мәлімдеме жасады.
Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі
Қорғаныс министрлігі митингке қатысушылармен кездесу өткізілгенін мәлімдеді. Аналардың сұрақтарына министрдің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Серік Бұрамбаев жауап берген.
Біз әр оқиғаның артында адамның тағдыры мен өмірі тұрғанын түсінеміз. Әрбір сарбаздың қазасы – біз үшін үлкен қайғы. Қорғаныс министрлігі мен өзге де күштік құрылымдар мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін барлық шараларды қабылдап жатыр. Біз моральдық-психологиялық ахуалды бақылауды күшейтіп, командирлерді оқытып, профилактиканың жаңа әдістерін енгізіп және әскери психологтар институтын нығайтып жатырмыз, – деді Бұрамбаев.
Сондай-ақ министрлік әскери қызметкерлердің ата-аналарымен ашық диалог орнатуға дайын екенін мәлімдеді.
Кездесуде айтылған барлық өтініштер белгіленген тәртіпке сәйкес мұқият зерттеліп, қаралатын болады, – делінген ресми хабарламада.
Пікірлер (0)