«Регламент сақтаңыздар»: Митингіге шыққан аналармен генерал Қайрат Үмбетов кездесті

Жаңалықтар
view 103
news

Фото: Todayinfo.kz

Астанада Министрліктер үйінің алдына барған әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарымен Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары, генерал Қайрат Үмбетов сөйлесті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Генарал не деді 

Ол аналарды заңға бағынып, ғимаратқа кіріп сөйлесуге шақырды.

Дегенмен генерал ғимаратқа телефон алып кіруге болмайтынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, әр жердің өзінің регламенті бар. Соған бағыну қажет. Бірақ оның бұл сөзіне аналар қарсылық білдірді.

Олар ішке журналистердің де кіруін талап етті.

Регламент бойынша тоғыз адам арыз жазғансыздар. Біз де тоғыз адам, қосымшадағы тізімнен тыс адамдарды кабылдауға әзірміз. Бірақ бұл жердің өзінің регламенті бар, – деді Үмбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорда төріндегі Министрліктер үйінің алдында баласы әскерде қаза болған бір топ ана митинг өткізіп жатқанын жазған болатынбыз.

Аналардың талабы қандай

Марқұм сарбаздардың аналары қазарма, асхана, дәліз, оқу залы сияқты барлық аумақтар бейнебақылауда болуын талап етті.

Жазбаларға ата-аналар мен қоғамдық бақылау өкілдері қол жетізе алсын. Бейнежазбаны жасыру немесе жою – қылмыстық жауапкершілікке әкелсін, – дейді митингіге шыққан аналар.

Сонымен қатар олар әскерге шақыру жасы қайта қаралуын талап етті.

18 жастан шақыру тоқтатылсын. Қызметке тек 25 жастан жоғары, өз еркімен келісімшарт негізінде келетін азаматтар қабылдансын, – дейді аналар.

Сондай-ақ бір топ ана әскери техника мен құрал-жабдықтардың жаңартылуын сұрады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *