Атырауда боди-массаж жасайтын әйел клиентін пышақтап өлтірген
Фото: ашық дереккөз
Атырауда 30 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: СҚО-да жұмысшы фермерді атып өлтірді
Президент зорлау мен кісі өлтіру үшін өлім жазасын қарауға кірісті
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға боди-массаж қызметін көрсететін әйелдің пәтерінде болған. Әйел мен клиент арасында жанжал шығып, сол сәтте әйел ер адамға бірнеше рет пышақ сұққан. Ер адам дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған.
Күдікті оқиға орнында ұсталды. Оған “Адам өлтіру” бабы бойынша айып тағылды. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданып, мәні бойынша қаралатын болады, – делінген хабарламада.
Алдағы уақытта алғашқы сот отырысының күні белгіленеді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Бала өлтіру, суицидті насихаттау, мүгедектерді ұрып-соғу: депутаттар жазаны қалай күшейтеді
Пікірлер (0)