Бала өлтіру, суицидті насихаттау, мүгедектерді ұрып-соғу: депутаттар жазаны қалай күшейтеді

Жаңалықтар
view 81
news

«AMANAT» фракциясының мүшесі, депутат Асхат Аймағамбетов Мәжіліске қабылданған заң жайлы отырыстың кулуарында айтып берді, деп хабарлайды janabastau.kz.

«Біз ұсынған тағы екі мәселе бар. Педофилдерді өмір бойы қамауды ұсыну. Бұрын болған 20 жыл, 30 жыл деген мүмкіндік болмауы керек. Кішкентай нәрестелерді өлтірген деректерге қатысты жаза қателеспесем, қазір 20 жыл болуы керек. Мұндай кейстер бойынша да жауапкершілікті қатаңдатуымыз керек. Оларды да өмір бойына қамауымыз керек. Тағы да бір мәселе бар, ол өз-өзіне қол жұмсау бойынша. Қазір біз екі жаңа құрамды енгізіп отырмыз. Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттап, жарнамаласа қазір оны жауапкершілікке тарту қиын. Қазір өзіне-өзі қол салуды жарнамаласа, қылмыстық жауапқа тартылады. Ал суицидке итермелеу деректері бойынша да қылмыстық жаза қарастырылады», - деді Аймағамбетов.

Депутат атағандай, жетімдер үйі, мүгедектігі бар адамдар жататын үйлерге қатысты да жауап күшейтіледі.

«Қазір кәсіпкерлік заңы бойынша оларды аяқ-асты тексеру мүмкіндігі жоқ. Біз осындай ұйымдарды айтпай-ақ барып тексеру туралы норманы енгізіп отырмыз. Осындай мекемелерді рұқсат беру бойынша талапты күшейтеміз. Себебі өткен жылы балалар лагеріне қатысты заңбұзушылықтар тіркелді. Жазғы лагерьлерді де лицензия арқылы ашуды ұсынып отырмыз. Осындай мекемелерді ескертусіз тексеру мүмкіндігі енгізіледі», - деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *