Хасан Қасымбаев соттағы соңғы сөзін айтты: Ол не деді

Жаңалықтар
view 143
news

Фото: ашық дереккөз

Бүгін Талғар аудандық сотында өткен отырыста айыпталушы Хасан Қасымбаев соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Өзімді өртеймін!»: Атышулы Хасан Қасымбаевтың әйелі сот залында шу шығарды

Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз

Хасан Қасымбаевтың ісіне полицейлердің қатысы бар ма – ІІМ жауап берді

«Іс толығымен ойдан шығарылған»

Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және бопсалау баптары бойынша айып тағылған. Онымен бірге тағы бес адам сот алдында жауап беріп жатыр. Істе екі жәбірленуші бар: ММА спортшысы әрі жаттықтырушы Арман Әлімов пен кәсіпкер Әріпжан Тәжиев.

Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында қамауға алынған.

Соттағы сөзінде Хасан Қасымбаев өзіне тағылған айыптардың жалған екенін айтып, істің толығымен ойдан шығарылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, тергеу мен сот барысында Қылмыстық іс жүргізу кодексінің көптеген бұзушылық болған.

Бұл істі қоғамды тыныштандыру үшін қолдан ұйымдастырды. Кінәлі адам керек болды, сол рөлге мені тағайындады. Менің кінәмді дәлелдейтін бірде-бір айғақ жоқ. Барлығы тек жәбірленуші Әлімовтың сөзіне ғана негізделген. Ал ол – есірткіге тәуелді, бұрын сотталған адам, – деді Қасымбаев.

Ол кінәсін мойындаған жоқ

Ол өзіне қарсы істің Шерзат Полат ісіне байланысты қоғамдық резонанс пен Әлімовтың жалған айғақтары салдарынан қозғалғанын айтты.

Мені Шерзат Полат ісінің айналасындағы шуға байланысты соттап жатыр. Халықты тыныштандыру үшін. Сонымен қатар Әлімовтың жалған сөзіне сүйеніп отыр. Айыптаулардың барлығы тек оның куәліктеріне негізделген, нақты дәлел жоқ. Мен Алланың және заңның алдында арым таза. Үйде мені отбасым мен балаларым күтіп отыр. Соттан әділ шешім шығарып, мені кінәсіз деп тануын сұраймын, — деді ол.

Қасымбаев сондай-ақ өзіне тағылған "қылмыстық топ басшысы" деген айыптаудың да негізсіз екенін атап өтті:

Әлімов мені "Хуторские" деген қылмыстық топтың басшысы деп өсек таратқан. Бірақ мұндай топтың бар екенін ешкім дәлелдеген жоқ, – деді айыпталушы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *