«Өзімді өртеймін!»: Атышулы Хасан Қасымбаевтың әйелі сот залында шу шығарды
Фото: Tengrinews.kz/Болат Айтмолда
Талғарда атышулы Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін айыпталушыға қатысты үкім шығады деп күтілуде, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Хасан Қасымбаевтың ісіне полицейлердің қатысы бар ма – ІІМ жауап берді
«Күйеуімнің еш кінәсі жоқ»
Қылмыстық топ («Хуторлықтар») басшысы деп танылып отырған Қасымбаевтың туыстары Президентке бейнеүндеу жолдап, істің әділ қаралуын сұрады.
Күйеуімнің еш кінәсі жоқ. Оны үйде үш баласы күтіп отыр. Егер әділ шешім шығармаса, дәл осы жерде өзімді өртеймін, - деді сотталушының жұбайы Зульфия Қасымбаева.
Еске сала кетейік, тергеу материалдарына сәйкес, 2021 жылы Қасымбаевтың тапсырмасымен оның серіктері ММА жаттықтырушысы Арман Әлімовті ұрып-соғып, күштеп көлікке отырғызып әкеткен. Жолда және ашық далада оны бірнеше рет соққыға жыққан. Нәтижесінде жәбірленуші ауыр жарақат алған.
Кәсіпкерді соққыға жығып, бопсалаған
Сонымен қатар айыптау қорытындысында Қасымбаев пен оның серіктері кәсіпкер Әріпжан Тәжиевті соққыға жығып, одан бизнесін — дәріханасын жалғастыру үшін 1 миллион теңге талап еткені көрсетілген.
Хасан Қасымбаев 2024 жылдың қарашасында қамауға алынған. Тергеу барысында ол ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды деген күдікке ілінген.
Бұған дейін «Хуторский» лақап атымен танымал Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданғанын жазған едік.
Пікірлер (0)