«Хуторский» лақап атымен танымал Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды
Жаңалықтар
117
Сурет: Ашық дереккөзден
Прокуратура мәліметінше, Алматы облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы Х.Қасымбаев және басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеруді аяқтап, осы жылдың 21 шілдесінде істі айыптау актісімен облыс прокуратурасына жолдаған, – деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Ал облыс прокуратурасы 29 шілдеде іс бойынша құрылған айыптау актісін бекітіп, істі қарау үшін Талғар аудандық сотына жолдағанын хабарлады.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Хасан Қасымбаевқа қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша тергеу амалдары жүргізілді.
Пікірлер (0)