Бүгін ауа райы қандай болады

Жаңалықтар
view 3
news

Фото: КТК

Қазгидромет 19 қарашада ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Көкшетауда 19 қарашада түнде және таңертең тұман болады.

Астанада 19 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман тұман болады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысыңда, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында көктайғақ болып, күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Петропавлда 19 қарашада түнде және таңертең тұман болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады.

Абай облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 19 қарашада түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысында оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 18 м/с болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *