Гонконг тұмауының өршуі желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін – ДСМ
Фото: ДСМ
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Министр не деді
Жыл сайын республикада ЖРВИ-дің 3,5 млн жағдайы және тұмаудың 2 мыңға дейінгі жағдайы тіркеледі. Ағымдағы эпидемиологиялық маусым басынан ЖРВИ-дің 1 461 мың жағдайы тіркелді, 2024 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 20%-ға төмендегені байқалады. Басым бөлігі — 66 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп жатыр. Соңғы аптада республикада вирустық инфекциялардың 183 мың жағдайы тіркеліп, өткен эпидемиологиялық маусымның осындай аптасымен салыстырғанда аурушаңдық 16 пайыз артып отыр, — деді ол.
Гонконг тұмауы
Сондай-ақ министр биыл аталған вирустардың таралуы жылдағыдан ерте байқалып отырғанын айтты.
Эпидмаусым басталғалы бері тұмаудың А типінің (H3N2) 587 жағдайы (Қазақстанда 2001 жылдан бері Гонконг тұмауы деп аталады), зертханалық расталған 587 жағдайы, оның ішінде А (H1N1) типінің 3 жағдайы тіркелді. Алдыңғы жылдары тұмау циркуляциясы 43-ші, 51-ші апталарда, жаңа жылға таман өсу байқалса, биыл ерте анықталып, 41 аптада басталды. Яғни қазан айының бірінші жартысына сәйкес келіп отыр. Болжам бойынша өсім желтоқсан айының ортасына дейін сақталуы мүмкін, — деді Ақмарал Әлназарова.
Осыған дейін Астананың бас санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева А (H3N2) вирусының штамы (гонконг тұмауы) маусым сайын айналымда жүретін тұмау екенін айтқан болатын.
Пікірлер (0)