«Құтқарыңдаршы» деп айғайлады»: Көршілері қайғылы оқиға туралы айтты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 237
news

Фото: видеодан скрин

Бүгін Түркістан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапқан болатын. Көршілері қайғылы оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Түркістан облысында тұрғын үйде болған алапат өрттен 12 адам қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы

Басылым мәліметінше, Жетісайда болған алапат өрттен қаза тапқандардың барлығы - бір әулеттің мүшелері.

Олар үш ағайынды. Әулет мүшелері көрші ауылдағы ағасының ұлының сүндет тойынан келе жатып, Алғабас ауылындағы туыстарының үйіне түнеген. Түн ортасында 360 шаршы метрлік екі қабатты коттедж отқа оранып, 12 адам көз жұмды. Өрт салдарынан үй иесі мен оның отбасы мүшелері қаза тапты, - деп жазылған басылым мәліметінде.

Куәгерлер не деді

Көршілері оқиға қалай болғанын айтты.

Таңғы сағат 5:05-те көрдім. Келіншегі "апа, құтқарыңдаршы" деп айғайлап тұр екен. Сыртқа шыға алмай тұрды. Көршілерге жүгірдім. От лаулап жанып жатыр екен. Біреуі оянды, біреуі оянбады. Менің балам бір баласын алып шықты, - дейді Қанайым Жүнісова.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *