AMANAT партиясы Қосшы филиалының жұмыстарына шолу
Фото: AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалы
ALAN денешынықтыру-сауықтыру кешенінде AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалының қолдауымен партияластар арасында волейболдан турнир өтті. Шараны Гимназия мектебі партиялық тобының басшысы Ақылбек Шаяндин ұйымдастырды. Жарысқа жалпы 12 команда қатысып, турнирде жеңіске жеткен командалар марапатталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, қалалық филиалдағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А. Төребаев AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е. Қожахметовті қабылдады. Қабылдау барысында ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту және ветеринариялық қызмет салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды. Облыстық мәслихат депутаты көтерілген бірқатар мәселені жеке бақылауына алды.
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, AMANAT партиясының Қосшы қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А. Төребаевтың қатысуымен №3 мектеп-лицейінде мекемелерге шығу аясында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Кездесу барысында мектеп ұжымы білім ордасының өзекті мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, мектеп алдындағы көшеге қосымша жол белгілерін орнату, жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелін жасау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп маңында ауыр жүк көліктерінің тұруына тыйым салу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ұстаздар қауымы қаланы газдандыру, электрмен және жарықпен қамту, жол инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ жаңа мемлекеттік балабақша, оның ішінде ерекше балаларға арналған топтың ашылуының қажеттігін айтты. Жас ұстаздар жастарды қолдауға арналған бағдарламалар мен тұрғын үй мәселесін де көтерді. Барлық ұсыныс-пікір назарға алынып, облыстық мәслихат депутаты А. Төребаев кейбір мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органдар алдында мәселе көтерілетінін жеткізді.
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты А. Төребаев және AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Р. Сейдахметов «Білім» бастауыш партия ұйымына қарасты №3 мектеп-лицейінде болып, оқу орнының қызметімен танысты. Кездесу барысында мектеп директоры Жанар Балдекова білім ордасында атқарылып жатқан жұмыстар мен партияның жобалары аясында іске асып жатқан бастамалар туралы ақпарат берді.
- «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті кабинет көрсетілді.
- «Ұлттық мұра» жобасы аясында оқушылардың ұлттық және мәдени құндылықтарды дәріптеу мақсатында өз қолдарымен жасаған бұйымдары таныстырылды.
- «Qaisar» жобасы бойынша жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстармен қатар, мектептің материалдық базасының жаңаруы және шахмат үйірмесінің қызметі туралы мәлімет берілді. Іс-шара соңында партия өкілдері мектеп ұжымының еңбегіне оң баға беріп, оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған жобаларды одан әрі қолдау қажеттігін атап өтті.
AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалының «Білім» бастауыш партия ұйымында жиналыс өтті. Кездесу барысында қалалық филиалдың атқарған жұмыстары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, партия мүшелерінің сапалық құрамы мен санының артуы, жарналардың уақтылы төленуі, сондай-ақ 13 партиялық жобаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар кездесу барысында атқарылған жұмыстар мен Жол картасының орындалуы да сөз болды. Жиналысқа қатысушылар өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдіріп, сұрақтарына жауап алды.
15 қараша Ұлттық валюта күніне орай Жастар ресурстық орталығы «Теңге тарихы – ел тарихы» атты зияткерлік сайыс өткізді. Шараға AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Р. Сейдахметов қатысып, жастарға 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – теңгенің айналысқа енгізілуі және оның қалыптасу тарихы туралы айтты.
Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Әлихан Қуатбеков тікелей эфирдегі сұхбатында қала мәслихатының депутаттары азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайының қалыпты дамуын назарда ұстап отырғанын айтты. «Осы орайда шағын бизнес өкілдерін қолдау аса маңызды. Ақмола өңіріндегі әріптестерімізбен қатар, біз де мәслихат сессиясында төмендетілген тиімді мөлшерлеме көлемін 2%-ға дейін азайту туралы шешім қабылдадық. Бұл қаламыздың гүлденіп, аймақтағы кәсіпкерліктің дамуы жолында жасалып жатқан тиімді қадам», - деді ол.
AMANAT партиясының Қосшы қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шараға Ақмола облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, Қосшы қаласы заң консультациясының меңгерушісі А. Кұсдәулетова қатысты. Қабылдау барысында қала тұрғындары жеке шоттарына қойылған арестті шешу, жеке тұлғаның банкроттығы және басқа да жеке мәселері бойынша жүгінді. Барлық өтініш мұқият қаралып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес нақты түсінік пен кеңестер берілді.
AMANAT партиясының Қосшы қалалық филиалында жоспарға сәйкес қалалық мәслихат депутаты Д. Кәкімжанов азаматтарды қабылдады. Қабылдауға ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н. Нәбиқызы, сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы С. Рахышев қатысты. Тұрғындар зейнеткерлердің Астана қаласында автобустарда тегін жүруі, көпбалалы аз қамтылған отбасыларға көмек, «Орион» тұрғын үй кешенінде 2 үйдің шатырын жөндеу, жол, газдандыру, сондай-ақ Гимназия мектебіне жарыққа қатысты мәселелерді көтерді. Барлық сұрақ тыңдалып, тиісті сала мамандары тарапынан заңнама аясында түсіндірулер берілді. Мәселелер бақылауға алынып, жауапты мекемелерге тапсырмалар жүктелді.
Ай сайын бекітілген кесте бойынша партия филиалы алаңында тегін заңгерлік кеңес беру өткізіледі. Заңдық сұрақтарыңыз болса, келіп кеңес алуға болады. Мекенжай: Қосшы қаласы, Республика көшесі, 46. Байланыс телефоны: +7 705 654 47 60.
Пікірлер (0)