Елімізде тұрғын үйге адам тіркеу толықтай онлайн форматқа көшеді
Фото: freepik.com
24 қарашадан бастап үйге тұрақты немесе уақытша тіркеу толықтай онлайн форматқа көшеді. Енді тіркеуді тек eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ғана рәсімдеуге болады. Бұрынғыдай ХҚКО-да тіркелу мүмкін болмайды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жаңа ереже: Енді кімдерге несие берілмейтіні белгілі болды
Қазақстанда тұрғын үй бағасы шарықтап барады
Онлайн тіркеу қалай рәсімделеді
Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірі қажет болады.
eGov.kz арқылы: Басты бет → Азаматтар → Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Тіркеу → «Қызметті онлайн сұрау».
Өтініш толтырып, ЭЦҚ немесе SMS-код арқылы растайсыз.
eGov Mobile арқылы тіркелу тәртібі: Мемлекеттік қызметтер → Жылжымайтын мүлік және ТКШ → Тұратын мекенжай бойынша тіркеу.
Өз деректеріңізді толтырып, тіркелу себебін көрсетіп, қолжетімді тәсілмен растау қажет.
ХҚКО арқылы тіркеу тек екі жағдайда сақталады: егер жылжымайтын мүлік кәмелетке толмаған баланың атына рәсімделген болса; егер меншік иесі сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі қабілетті деп танылған болса.
Пәтер жалдайтындар нені білуі тиіс
Тұрғын үй иесі жалға алушыны уақытша тіркеуге міндетті. Егер тіркеу жасалмаса, екі тарапқа да айыппұл салынады:
- жалға алушыға тіркеусіз бір айдан артық тұрғаны үшін (7 АЕК);
- меншік иесіне тіркеусіз адамды тұрғызғаны үшін (10 АЕК).
Егер өзге адамның мекен жайына тіркелгіңіз келсе, үй иесіне SMS арқылы растау коды жіберіледі. Ол бір сағаттың ішінде келісім беруі керек (бұрын уақыт шектеуі болмаған).
Мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйде тек келісімшартта көрсетілген адамдарды ғана тіркеуге болады. Егер өтініш берушінің аты құжатта болмаса, жүйе тіркеуді автоматты түрде кері қайтарады.
Айта кетейік, жыл басынан бері шамамен 750 мың қазақстандық онлайн тіркеуден өткен, бұл жалпы тіркелгендердің 70%-дан астамын құрайды.
Пікірлер (0)