Жаңа ереже: Енді кімдерге несие берілмейтіні белгілі болды
Фото: astanatv.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 24 қарашадан бастап кепілсіз тұтынушылық несие беруге шектеу енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстанда тұрғын үй бағасы шарықтап барады
«Несие кешіріліп, банк өз есебінен жабады»: депутат заңға өзгеріс енгізілгенін айтты (ВИДЕО)
Агенттік биыл 7 қарашада жаңа қаулы қабылдаған. Мақсат – несиесін өтей алмай жүрген адамдарға жаңа кредит беруді шектеу және халықтың шамадан тыс қарызға батуының алдын алу.
Қаулы бойынша, соңғы 12 айда 90 күннен аса кешіктірілген қарызы бар қазақстандықтар үшін борыш жүктемесінің коэффициенті 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендетіледі. Яғни банктер мұндай адамдарға бұрынғыдан аз мөлшерде кредит береді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Енді салық органдары азаматтардың несиесі туралы ақпарат алып отырады
Елімізде енді ешкімге несие бірден берілмейді
Бұдан бөлек, мына талаптардың бірі болған кезде кепілсіз тұтынушылық несие беруге шектеу енгізіледі:
- банк несиесін 30 күннен, ал микрокредитті 1 күннен аса уақытқа кешіктірген кезде;
- 2025 жылғы 1 шілдеден бастап соңғы үш жылда негізгі борыш және сыйақы бойынша қарызы толық кешірілсе;
- соңғы 12 айда қайта құрылымдау (реструктуризация) жүргізіліп, бірақ ол қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпесе несие алу қиындайды.
Бұл өзгерістер биыл 24 қарашадан бастап күшіне енеді.
Пікірлер (0)