AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалында әкім азаматтарды қабылдады

Жаңалықтар
view 58
news

Фото: AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалы

AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында қала әкімі Азамат Қапышев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға АMANAT партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Рақымжан Сейдахметов, қала мәслихатың депутаты, қоғамдық кеңес мүшесі және жауапты бөлім басшылары қатысты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Тұрғындар жол құрылысы, үй кезегі, орталық кәріз жүйесіне қосу, көше шамдарын орнату, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін көтерді.

Қабылдауға келген әрбір азаматтың өтінішін қала әкімі жіті назарына алды және жауапты басшылар мен мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

***

DARA бизнес академиясы мектеп-лицейінде AMANAT партиясы Ақмола облыстық филиалы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Бизнестегі әйел» атты семинар өтті. Іс-шараға AMANAT партиясы Ақмола облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары А. Әлімбетова, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты А. Төребаев, DARA мектеп-лицейінің және Silk-Road Corporation жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы С. Матайбаева, психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті психология кафедрасының меңгерушісі Ә. Мамбеталина, ЕҰУ докторанты Б. Ахтаева, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі мен қаладағы кәсіпкер әйелдер және мекеме ұйымдарының өкілдері қатысты. Семинар барысында қатысушылар Әйелдер қанатының негізгі бағыттарымен танысып, әйелдер арасындағы нашақорлық, алкоголизм және құмар ойындарға тәуелділіктің жеке өмір мен денсаулыққа әсері, сондай-ақ «Бизнестегі әйел: күш, стратегия және шабыт» тақырыптары талқыланды. Жиын соңында С. Матайбаева қатысушыларды DARA мектеп-лицейінің білім беру саласындағы қызметімен таныстырды.

Іс-шараның мақсаты – әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру, қоғамдағы рөлін күшейту және бизнесте табысқа жетудің тиімді жолдарын көрсету.

***

Қосшы қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қосшы стелласы маңында және аллея аумағында тазалық жұмыстары мен тал егу шаралары өткізілді. Шараға Қосшы қаласының әкімі А. Қапышев, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты А. Төребаев, қалалық мәслихат депутаттары және партия мүшелері қатысты.

***

Қала мәслихатының депутаты А. Данабекқұлы азаматтарды AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында жеке мәселерімен қабылдады.

***

Көкшетау қаласында AMANAT партиясы Ақмола облыстық филиалының алаңында Республика күніне орай партия қатарына қабылдау және мемлекеттік, партиялық наградаларды табыстау бойынша салтанатты іс-шара өтті. Аталған маңызды шараға Қосшы қаласынан Тайтөбе ауылының әкімі Парасат Досмағанбетов және AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалының кеңесшісі Назгүл Нұрмағанбетова қатысып, партия жұмысына сіңірген еңбектері мен белсенділігі үшін AMANAT партиясының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

***

«Білім» бастауыш партия ұйымында Республика күні аталып өтті. DARA мектеп-лицейінде AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Р. Сейдахметовтің қатысуымен Республика күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара барысында атқарушы хатшы жиынға қатысқан ата-аналарды, ұстаздар мен оқушыларды ұлттық мерекемен құттықтап, белсенді партия мүшелеріне Ақмола облыстық филиалының атынан «Алғыс хаттар» табыстады.

***

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары А. Әлімбетова және Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Қосшы қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А. Төребаевтың қатысуымен Тайтөбе ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстарына партиялық мониторинг жүргізілді.

Су құбыры желілерін қайта құру жұмыстарын мердігер ұйым «Көкшетаугидрогеология» ЖШС іске асырып отыр. Жобаның жалпы құны – 1 475,4 млн теңге. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қараша айында басталған. Бүгінде нысанның дайындық деңгейі 97%-ды қамтиды.

Қазір ауыл ішіндегі құдықтарға фасонды бөліктер орнату, диаметрі 20 мм абоненттік құбырларды төсеу жұмыстары аяқталып қалды. Сонымен қатар құбыр желілерін сығымдау, сорғы және насос станциясы аумағын абаттандыру, электрмен жабдықтау тіректерін орнату және трансформаторды монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны толық аяқтау мерзімі – 2025 жылдың IV тоқсаны.

Сондай-ақ Тайтөбе ауылында газдандыру жұмыстары да Жол картасы аясында іске асырылып келеді. 2022 жылы газ тарату желілерінің құрылысы бойынша жоба әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаның жалпы құны – 1,8 млрд теңге, ал газ Қосшы қаласынан тартылып жатыр.

2024 жылдың қыркүйек айында конкурстың қорытындысы бойынша мердігер ұйым ретінде «Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС анықталып, жұмысын бастаған. Техникалық қадағалауды «Астанастройинжиниринг» ЖШС, ал авторлық қадағалауды «Жамбылгаз» ЖШС жүргізіп отыр.

Қазір Тайтөбе ауылында ішкі кварталдық газ желілерін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Төмен қысымды желілердің ұзындығы – 15,4, ал орта қысымды желілердің ұзындығы – 2,8 шақырым. Аталған жоба Астана агломерациясының кешенді жоспарына енгізілген.

***

AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында қала әкімінің орынбасары Б. Жұмкейұлы азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келген мүмкіндігі шектеулі қала тұрғыны тұрғын үй алу, мүгедектік арбаны ауыстыру және жөндеу, коммуналдық төлемдер бойынша жеңілдіктер, инватакси қызметі мен азық-түлік түрінде көмек алу мәселелерін көтерді.

***

AMANAT партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған жаңа бейімделу нысанына партия филиалының өкілдері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен бірлесіп мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында №3 мектеп-лицейінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барлық қажетті жағдайлардың толық жасалғаны анықталды.

Тікелей эфирде қала тұрғыны депутатқа алғысын білдірді. Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А. Төребаевқа қазан айының басында қала тұрғынынан өтініш түскен. Өтініште тұрғындар «Лесная Поляна» тұрғын алабы №42 үйінің шатырын жөндеуге көмек сұраған. Облыс депутатының тікелей қатысуымен тұрғындардың мәселесі оң шешімін тапты.

***

Қосшы қаласында AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауын партия филиалының атқарушы хатшысы Р. Сейдахметов жүргізді. Шараға қалалық зейнетақы төлеу орталығының меңгерушісі де қатысты. Қоғамдық қабылдау барысында қала тұрғыны зейнетақы төлемі, ұлын жұмысқа орналастыру және тіркеу мәселелері бойынша өз сұрақтарын қойды. Барлық өтініш мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілді.

***

Биылғы қазан айында қала мәслихатының депутаты Д. Кәкімжанов Р. Қошқарбаев атындағы №1 мектепте жасаған қабылдау барысында білім ордасының 1964 жылы салынғанын, ал ескі қазандық құбырының білім беру мекемесі үшін үшін қауіпті екенін айтып, оны алып тастау қажеттігі мәселесін көтерді.

«Орион» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесу кезінде жарықтандыру мен көше қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол кедергілерін орнату мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ қала мәслихатының депутаты А. Данабекұлының азаматтарды қабылдауында мәдениет үйі маңындағы көлік қозғалысының көптігіне байланысты бағдаршам орнату туралы ұсыныс түсті. Ал депутат Б. Абдрахманов Тайтөбе ауылында азаматтарды қабылдау барысында тұрғындардың ұлттық ойын – көкпар өткізуге қолдау көрсету жөніндегі өтінішін тыңдады. Сонымен қатар партия филиалының қоғамдық қабылдауына Ақан Сері көшесінің тұрғыны жолды жөндеуге көмек сұрап жүгінді.

Барлық өтініш бойынша депутаттар қала әкімдігі өкілдерімен бірлесіп, мәселенің нақты шешу жолдарын қарастырды. Нәтижесінде:

- Р. Қошқарбаев атындағы №1 мектептің ескі қазандық құбыры алынды;

- Алтын Қазық көшесіне жасанды жол кедергілері орнатылды;

- №1 мектеп маңындағы аллеяны жарықтандыру жұмысы жүргізілді;

- Мәдениет үйі маңына бағдаршам орнатылды;

- Тайтөбе ауылында көкпар өткізілді;

- Ақан Сері көшесінің жолын жөндеуге көмек көрсетілді.

Атқарылған бұл жұмыстар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және қаладағы қауіпсіздік деңгейін жақсартуға бағытталған.

***

«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Тайтөбе ауылының орта мектебінде «Сенім» бастауыш партия ұйымының төрайымы Г. Алиеваның қатысуымен  этнограф, саяхатшы, ғалым, зерттеуші Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай, «Шоқтығы биік Шоқан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

***

13 үміткердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алу жөніндегі өтініші партияның комиссия отырысында қаралды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *