Дженсен Хуанг алғаш рет Қазақстанға келеді

Жаңалықтар
view 44
news

Фото: Ашық дереккөзден

NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг біздің шақыруымызбен Қазақстанға алғаш рет келіп, Астанадағы AI Month айлығының арнайы қонағы болады, деп хабарлайды JANAB ASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Astana Hub қолдауымен өтетін AI Month ЖИ мамандарын, әзірлеушілерді, стартаптар мен технология саласының өкілдерін біріктіреді.

Айлық 23 қыркүйекте HackAlem AI хакатонымен басталады. Қатысушылар NVIDIA технологиялық ресурстарын пайдаланып, өздерінің ЖИ шешімдерін әзірлей алады.

2–3 қазанда AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы өтеді. Ал 23 қазанда айлық Дженсен Хуангтың қатысуымен қорытындыланады. Alem.ai орталығында ЖИ-дің болашағы, технологиялық үрдістер, мамандар даярлау және Орталық Еуразияның мүмкіндіктері талқыланады.

Қазақстанның мақсаты — Орталық Еуразиядағы ЖИ таланттары мен озық технологиялар тоғысатын орталыққа айналу. Бұл бағытта мамандар даярлау, технологиялық кәсіпкерлікті қолдау және қажетті инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *