«Несие кешіріліп, банк өз есебінен жабады»: депутат заңға өзгеріс енгізілгенін айтты (ВИДЕО)
Фотосурет: Еркеғали Болатұлы
Азаматтардың көптен күткен жаңалығы іске асты. Енді онлайн түрде алаяқтық жолмен рәсімделген несиелер үшін қазақстандықтар жауап бермейді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұл бастама бойынша заңға өзгеріс енгізілгенін хабарлады.
Біздің ұсынысымыз қабылданды. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап биометриялық сәйкестендірусіз рәсімделген алаяқтық несиелерді банк өз есебінен жабуға міндетті, – деп жазды депутат.
Бұл өзгеріс бойынша, егер азаматтың атына оның келісімінсіз немесе жеке деректері заңсыз пайдаланылып несие рәсімделсе, банк ол қарызды өз қаржысынан өтейді, ал клиент ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.
Заңгер Мейірман Шекеев те бұл жаңалықты жылы қабылдап отыр.
Халықтың көптен күткен жаңалығы. Әйтеуір депутатымыз шырылдап, нәтиже шығарыпты. Енді алаяқтар сыртынан рәсімдеген несиелер кешірілуі мүмкін. Жақын арада бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін толық түсіндіреміз, - деді ол.
Пікірлер (0)