«Ешқандай медаль әйелімді қайтара алмайды»: Астаналық марқұм фельдшердің күйеуі жұртты толқытты
Фото: ашық дереккөз
Астанада жаралы азаматты құтқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі жазба жариялап, көпшілікті жылатты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Түркістан облысында тұрғын үйде болған алапат өрттен 12 адам қаза тапты
«Құтқарыңдаршы» деп айғайлады»: Көршілері қайғылы оқиға туралы айтты (ВИДЕО)
«Қылмыстық құрам жоқ»: Бозымбаев 12 адам қаза тапқан өрт жайлы айтты
Әділет Зейнел өз жазбасында әйеліне деген сағынышын жеткізген.
Шаңырағыма сән, тіршілігіме мән болдың… Маңдайыма сыймадың ба, періштем? Сен менің мәңгі жүрегімдесің, – деп жазды қайғыдан қан жұтқан ол.
Сондай-ақ Әділет Зейнел істің әділ тергелуін талап етті.
Ешқандай медаль да, ешқандай сөз де менің жүрегімнің иесін қайтара алмайды. Үйіме нұр, құт, береке әкелген адал жарымды жоқтап отырған кезде көңіл айтып, тілек білдірген бүкіл қазақ еліне алғыс айтамын. Осы күнге дейін жанында болып, Алладан оның жүрегін аман алып қалуды тілеп, дұға еттім. Ендігі тілегім – соттың әділ өтуі, тергеудің таза жүргізілуі. Құдай қосағыма тыныштық беру үшін бұл істі соңына дейін жеткізуім керек. Жауаптылар міндетті түрде жазасын алуы тиіс! – деді ол.
Желі қолданушылары оның жазбасына жанашырлық танытып, отбасына сабыр тіледі.
Пікірлер (0)