Ең төменгі жалақыны көтеруге тырысамыз, уақыты келді – вице-премьер

Жаңалықтар
view 92
news

Фото: Үкімет

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі 2027-2028 жылдарға шегерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Елімізде мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы төмендеп жатыр

Жалақы мен зейнетақы: Зейнеткерлер неге жұмысын жалғастырғысы келеді

Баға қанша өссе де жалақыны көтере беруге болмайды – сарапшылар пікірі

Қаржыға байланысты. Қазір ғана бірқатар сұраққа жауап бергенде атап өттім. Біраз реформа салық реформасы, қаржылық реформа басталды. Біріншіден, қаржылық тұрақтандыру. Келесі жылғы имплементацияның қалай болатынын қарау керек. Ең алдымен салықты қалай жинаймыз? Екіншіден, нарықтағы ішкі және сыртқы жағдай қалай болады? Сол себепті 1-жартыжылдықта 2027-2029 жылдарға арналған жаңа бюджетте осы мәселені қарастырамыз. Әрине, оны шешуге, көтеруге тырысамыз. Себебі уақыты келді. Бірақ, қалай, қаншаға көтеретінімізді реформа қорытындысы көрсетеді, деп жауап берді вице-премьер БАҚ өкілдерінің сауалына.

Еске сала кетейік, депутаттар жаңа құжатқа ең төменгі жалақыны көтеруді енгізді. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *