Депутаттар жаңа құжатқа ең төменгі жалақыны көтеруді енгізді

Жаңалықтар
view 138
news

Фотосурет: Еркеғали Болатұлы

Бүгін Мәжілісте 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралды. Құжатқа берілген қорытындыда депутаттар Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін ұлғайтуды ұсынған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін қабылдауға байланысты, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыру қажет деп санайды, – делінген құжатта.

Ең төменгі жалақы – заңмен белгіленген айлық еңбек ақысының ең аз мөлшері. Жұмыс берушінің қызметкерге толық жұмыс айы үшін осыдан төмен ақы төлеуге хақысы жоқ. Бұл көрсеткіш қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына кепілдік беретін мемлекеттік тетік саналады және еңбекақыны реттеу мен түрлі әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде қолданылады.

Бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақыны есептеу тәсілі өзгеретіні хабарланған еді. Қазан айының басында Сенат дамушы елдердің ерекшеліктерін ескеретін Ең төменгі жалақы туралы Конвенцияны мақұлдады. Енді ЕТЖ есептеу кезінде мемлекет экономикалық жағдайды және жұмысшылардың нақты қажеттіліктерін ескеруге міндетті болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *