Ақбота Керімбекова Астанаға не үшін көшіп жатыр? - көпшілік пікірі

Жаңалықтар
view 267
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Әнші Ақбота Керімбекова ұзақ жылдар тұрған Алматы қаласынан Астанаға көшіп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына бұл шешімін өміріндегі жаңа кезеңнің басталуымен байланыстырып жазған.

Алматыдан Астанаға көштім. Кейде өмір бізді жаңа орындарға алып барып, жаңа сезім, жаңа тыныс сыйлайды. Дегенмен Алматы – әрқашан жүректе. Енді біраз уақыт Астананың самал желін, салқын таңдарын сезінейін деп тұрмын, – дейді әнші.

Оның бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқы тудырды. Бірі оның шешімін құптаса, енді бірі өміріндегі өзгерісті басқаша жорыды.

Астана – жаңа бастамалардың қаласы, бәрі жақсы болады», «Бала мен келін сыйғызбаған сияқты ғой», «Жаңа тыныс, жаңа өмір бастау – дұрыс шешім, – деген пікірлер жазылды.

Кейбір желі қолданушылары бұл жайтты әншінің жеке өміріндегі қиындықтарға меңзеп, отбасылық жағдайына қатысты түрлі болжам айтты. Өйткені бұған дейін оның өзі де өмір жолындағы сынақтар мен өзгерістер туралы ашық айтып жүрген болатын.

Кім не десе де әнші енді Астанада шығармашылық бағыттағы жаңа жобаларды қолға алуды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *