Өскеменде бірдей нөмірмен 2 Alphard жүр

Жаңалықтар
view 151
news

Фотосурет: polisia.kz

Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірдей мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген екі Toyota Alphard көлігін анықтаған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бірінші көлікті 29 қыркүйекте тоқтатқан. Сол кезде тәртіп сақшылары жүргізушінің жүргізуші куәлігінің және сақтандыру полисінің жоқ екенін анықтап, автокөлік арнайы тұраққа қойылған болатын.

21 қазанда дәл сол мемлекеттік нөмірмен жүрген тағы бір Toyota Alphard көлігі полицейлердің назарына түсті. Тексеру кезінде бұл көліктің шанағының сәйкестендіру нөмірі (VIN) көрсетілген мемлекеттік нөмірге сәйкес келмейтін болып шықты. Көлік жалған тіркеу нөмірлерін пайдаланғаны үшін арнайы тұраққа қойылды.

Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Полицейлер құқықбұзушылықтың мән-жайын және екі көліктің иелері арасындағы байланысты анықтап жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *