Пашинян Әзербайжан президентінің мәлімдемесінен кейін Тоқаевқа алғыс айтты

Жаңалықтар
view 326
news

Фотосурет: Alexei Nikolsky\TASS via Getty Images

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жүк транзитіне қатысты маңызды мәлімдемесінен кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Haqqin.az сайтына сілтеме жасап.

Никол Пашинян өз алғысын Тбилисиде өткен V «Жібек жолы» форумында білдірді.

Кеше Ильхам Әлиев Әзербайжан-Армения бағытындағы жүк транзитіне қойылған шектеулерді алып тастайтынын мәлімдеді. Бұл – аса маңызды шешім. Осы қадам үшін Әзербайжан президентіне ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ бұл келісімге қол жеткізуде маңызды рөл атқарған Қазақстан президенті мен Грузия премьер-министріне де алғыс айтқым келеді, – деді Пашинян.

Еске сала кетсек, Ильхам Әлиев Арменияға жүк транзитіне қойылған барлық шектеулердің алынғанын Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында хабарлаған болатын. Ол алғашқы транзиттік жүк ретінде Қазақстанның бидайы жөнелтілетінін айтты.

Бұл – Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік тек қағаз жүзінде емес, іс жүзінде де орнағанының айғағы, – деді Әзербайжан президенті.

Оның Астанадағы мәлімдемесінен кейін Армения Экономика министрі Геворг Папоян Facebook-тегі парақшасында алғашқы қазақстандық бидай партиясының жеткізілетінін растады.

Жақын күндері Ақтау – Баку бағытымен, әрі қарай Әзербайжан мен Грузия теміржолдары арқылы Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы партиясы келеді. Бейбітшілік орнады, – деп жазды Папоян.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *