Қазақстанға Финляндия Президенті ресми сапармен келеді

Жаңалықтар
view 46
news

Фото: Ақорда

28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды, — делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін Ақордада қарсы алды. Сондай-ақ Қазақстан Президенті мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *