Дәрі-дәрмек жеткізу жүйесі жаңа цифрлық кезеңге өтеді
Фотосурет ашық дереккөзден
СҚ-Фармация дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін кешенді цифрландыруды жалғастыруда. Бірыңғай дистрибьютор логистика саласында заманауи цифрлық құралдарды енгізеді: жеткізілімдердің онлайн-мониторингінен бастап қойма операцияларын автоматтандыруға және өңірлерде жеке тарату орталықтарын құруға дейін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мұндай жетілдіру «СҚ-Фармация» ЖШС-нің 2025-2026 жылдарға арналған Бизнес-процестерді цифрландыру жөніндегі жол картасы аясында жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – логистика мен қойма операцияларын басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін құру, барлық процестердің ашықтығын арттыру, әрі медициналық ұйымдарды дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тұрақты қамтамасыз ету.
Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі:
• жүйелер арасында деректерді автоматты түрде бөлісу үшін сыртқы арнайы интерфейстер арқылы сақтау және тасымалдау қызметтерін жеткізушілердің жүйелерімен біріктіру;
• Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларды басқару жүйесінің (WMS) бірыңғай дерекқорын қалыптастыру;
• бағыттарды оңтайландыру және жеткізуді бақылау үшін көлік логистикасын басқару жүйесін (TMS) іске қосу;
• құрылыс аяқталғаннан кейін өз қоймаларында жеке бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу;
• Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйені (БФАЖ) жақсарту – өнімділікті арттыруға және лицензияланатын шешімдерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
Қойма есебі мен БФАЖ жүйелерін біріктіруүшін техникалық талаптар әзірленді. Сондай-ақ, БФАЖ және логистикалық операторлар жүйелері арасында ақпараттың Автоматты және қауіпсіз синхрондалуын қамтамасыз ететін заманауи деректер алмасу интерфейсі іске қосылады. Бұл нақты уақыт режимінде деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді және жеткізудің барлық кезеңдерінде есепке алудың дәлдігі мен ашықтығын арттырады. Жыл соңына дейін жүйені толық пайдалануға беру және сақтау мен тасымалдауды қамтамасыз ететін серіктестерден деректерді қабылдауды бастау жоспарлануда.
Оған дейін БФАЖ басқа платформаға ауысып:
• өнімділіктің өсуі;
• логистикалық операцияларды өңдеуді жеделдетілуі;
• медициналық ұйымдардың өтінімдерін өңдеу мерзімдерін қысқартылуы;
• лицензиялар мен техникалық қолдау шығындарын азайтылуы қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, сақтау және тасымалдау нарығында бәсекелестік ортаны арттыру мақсатында СҚ-Фармация логистикалық қызметтерді сатып алу тәсілін жаңартты. Бұған дейін жекелеген өңірлерде, атап айтқанда, Ұлытау, Атырау, Алматы және Ақмола облыстарында тұрақты сақтау және тасымалдау тендерлерін өткізуде қиындықтар туындады. 2025 жылдың басынан бастап бұл қызметтерді бөлек сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа ережелер енгізілді, бұл бәсекелестікті, ашықтықты арттырып, бюджет қаражатын үнемдеу әсерін берді.
Сондай-ақ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде және ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС мен «Қазпошта» АҚ арасында бірлескен жұмыс жүзеге асырылып жатқанын атап өту қажет. Екі ұлттық оператордың күш-жігерін біріктіру – ашықтықты арттыруға, құнын төмендетуге және бүкіл ел бойынша дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуді жеделдетуге бағытталған.
Бірлескен бастама тасымалдау және логистика, процестерді автоматтандыру және қорларды басқарудың цифрлық жүйесін енгізу саласындағы бірыңғай саясатты әзірлейді. Бұл жеткізілімдердің тұрақтылығы мен сақтаудың сенімділігін қамтамасыз ете отырып, орталық қоймалардан медициналық ұйымдарға дейін біртұтас логистикалық тізбекті құруға мүмкіндік береді.
Сатып алу процестерінің тиімділігін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстардың арқасында Бірыңғай дистрибьютор айтарлықтай шығындарды үнемдеуге қол жеткізді.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша бірқатар өңірлерде сақтау және тасымалдау қызметтерінің құны орта есеппен 12%-ға, ал жекелеген жағдайларда – жартысына жуық төмендеді. Дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау жөніндегі шарттар тиісті дистрибьюторлық тәжірибестандарттарына сәйкес келетін компаниялармен ғана жасалды. Алдын ала бағалаулар бойынша 2025 жылға арналған ұзақ мерзімді сақтау және тасымалдау шарттары бойынша жалпы үнемдеу шамамен 600 млн теңгені құрайды.
Пікірлер (0)