Доллар 200-250 теңгеден аспауы керек – Ұлттық банктің тұңғыш төрағасы

Жаңалықтар
view 94
news

Фото: видеодан скрин

Ұлттық банктің тұңғыш төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ғалым Байназаров Azattyq радиосына берген сұхбатында теңге неге құлдырап жатқанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстанда зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды

Ұлттық банк базалық ставканы 2026 жылы төмендетуі мүмкін

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерді

Теңгені 1993 жылы қарашаның 15-інде [1 АҚШ долларға шаққандағы құны] 4,75 деп кіргіздік. Қазір 540-550 теңге маңайында тұр ғой. Сонда жүз есе арзандап тұр. Бұл Қазақстан экономикасының күшіне байланыссыз нәрсе. Ел экономикасының қуатын есептейтін болсақ, доллар әрі кеткенде 200-250 теңгеден аспауы керек.

Себебі теңге 100 есе құнсызданып тұр. Ал экономика 1990-жылдармен салыстырғанда доллармен есептегенде 7 есе өскен. Сонда бізде өсім бар, ал ұлттық валютамыздың бағамы түсіп жатыр. Неге?! Өсім болған жерде, валюта бұлай құлдилап құламауы керек. Бұл – үлкен проблема.

Қазір парламентте жаңа заң қаралып жатыр. Соны пайдаланып, бүкіл нормативтік базаны өзгерту керек, - дейді Ғалым Байназаров.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *