«Бала-шағаңыз да, күйеуіңіз де болмайды»: Хиджабқа оранған әйел Баян Алагөзованы сынап тастады

Жаңалықтар
view 113
news

Коллаж: Todayinfo.kz

Әлеуметтік желіде хиджабқа оранған әйел белгілі продюсер Баян Алагөзованы қатаң сынға алып, имамдар мен сақалды азаматтарға тіл тигізбеуін талап етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Арман Дүйсеновтің жарына үй алып беріңіздер»: Мақпал Жүнісова Баян Алагөзоваға үндеу жолдады (ВИДЕО)

«Өте қорқынышты»: Баян Алагөзова Нұр-Мүбәрак ұстазының сөзінен шошып қалған

Онда біз де бірнеше күйеуге тиеміз: Баян Алагөзова Абзал Құспанға жауап берді

Ол кейін жауап беретінін ескертіп, кеш болмай тұрғанда кешірім сұрауға шақырды.

Баян ханым, ертең өмірден өткенде сізді бәрібір Пайғамбарымыздың сүннетімен, сіз қабылдай бермейтін шариғат жолымен жерлейді. 25 метр ақ матаға орап қояды. Сізді брендпен, әшекеймен, қымбат дүниемен көмбейді. Қиямет күні адвокаттарыңыз да, атақ-даңқыңыз да қорғай алмайды. Имамдар мен сақалды азаматтарды сынап жүрсіз, тіл тигізіп жүрсіз. Сол үшін кейін өзіңіз ғана жауап бересіз. Кеш болмай тұрғанда кешірім сұраңыз. Мүмкін олардың Алла алдындағы дәрежесі сізден жоғары шығар. «Тілім бар екен» деп қалағаныңызды айта бермеңіз. Өмір өткінші, ойланыңыз. Сол кезде қасыңызда бала-шағаңыз да, күйеуіңіз де болмайды. Өз жауапкершілігіңізбен жалғыз қаласыз, – дейді ол видеода.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Тұрмысқа шыққым келеді»: Баян Алагөзова күйеуін елдің алдында ұятқа қалдырды

Баян Алагөзованың қызы әкесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *