Ресей Қазақстандағы АЭС құрылысын 2029 жылы бастайды
Фото: kapital.kz
Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Атом электр стансасын салуға дайындық қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Президент АЭС туралы пікір білдірді
Оның айтуынша, қазір жоба алғашқы құрылымдық бетон құюға дайындалып жатыр. Дегенмен бұл - ұзақ процесс, кең ауқымды инженерлік зерттеулерді қажет етеді дейді.
Құрылыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету және талаптардың сақталуын қадағалау үшін бірнеше жыл керек болуы мүмкін. Ядролық инженерлер мұны “алғашқы бетон” деп атайды. Мұны тек жобалық зерттеулер ғана айта алады. Көп нәрсе жабдық пен жобалау жұмыстарына байланысты. Біз ресейлік жоба үшін 2029 жылға мақсат қойып отырмыз, – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Пікірлер (0)