Президент АЭС туралы пікір білдірді

Жаңалықтар
view 124
news

Фото: pixabay.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қазіргі әлем тұрақсыз

Президент аймақтың дамып келе жатқанын атап өтіп, алдағы уақытта да ауқымды жұмыстар атқару қажеттігін айтты. Ол жастарды қолдау, экология, цифрландыру және су тапшылығы мәселелеріне ерекше тоқталды.

Қазіргі әлем тұрақсыз. Сондықтан жастарға дұрыс бағыт, сапалы білім мен тәрбие беру маңызды. Елдің ертеңі білімді, заманауи ойлайтын жастардың қолында, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент «Таза Қазақстан» акциясының ел өмірінде маңызды рөл атқаратынын айтып, цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытудың маңызын атап өтті.

Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютер іске қосылды. Жуырда екінші атом электр станциясының құрылысы басталады, – деді Тоқаев.

Қызылордада тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар ашылуы мүмкін

Мемлекет басшысы су тапшылығына да назар аударып, аграрлық секторға 1 триллион теңге бөлінгенін айтты. Сондай-ақ Астана мен Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін Президенттік кітапханалар салынып жатқанын, болашақта Қызылордада да ашылуы мүмкін екенін жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Президент Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған едік. Сол сапарында Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкіміне бірқатар тапсырма берген болатын. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *