Он әуе соққысын жасаған: Израиль Газаны тағы да нысанаға алды
Фото: AP Photo/Abdel Kareem Hana
Израильдің әскери ұшақтары мен танктері Газа секторына тағы да соққы жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ЦАХАЛ сарбазының өліміне жауап
Израиль әскери-әуе күштері Хан-Юнистің шығысындағы аудандарға шамамен он әуе соққысын жасаған. Ал танктер Газа-Сити қаласының шығыс бөлігін атқылаған. Reuters мәліметінше, қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ.
Израиль әскері өз іс-әрекетін «террорлық инфрақұрылым нысандарына бағытталған операция» деп атады.
Израиль Газаны «сары сызық» аймағы (атысты тоқтату келісімі аясында Израиль әскері шығарылған жерде) жанкештілердің шабуылынан қаза тапқан ЦАХАЛ сарбазының өліміне жауап ретінде атқылаған. ХАМАС бұл айыптауды жоққа шығарды. Газа денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 104 адам қаза тапқан.
Газа секторын қалпына келтіруге 70 млрд доллар керек
Бұл соққылар 10 қазанда күшіне енген Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісімге қарамастан жасалып отыр.
Израиль әскері соңғы соққылар кезінде жойылған 26 содырдың тізімін жариялады. Израильдің айтуынша, олардың арасында 2023 жылғы 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасаған ХАМАС командирі де бар. Дәл осы шабуылдан кейін қазіргі соғыс басталған болатын.
Еске салсақ, бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Даму бағдарламасы өкілі Газа секторын қалпына келтіруге 70 млрд доллар керек екенін мәлімдеген болатын.
Пікірлер (0)