Белгілі қаламгер Мақсат Тәж-Мұрат өмірден өтті

Жаңалықтар
view 854
news

Фото: facebook.com/Janabastau.kz

Көрнекті жазушы, эссеист, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақсат Тәж-Мұрат қайтыс болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы мәлім етті.

Мақсат Тәж-Мұрат туралы

Мақсат Әнесұлы Тәж-Мұрат 1959 жылы қарашада Атырау облысына қарасты Қосшағыл поселкесінде дүниеге келген. 1978-1983 ж. аралығында ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқыған. 1983-1990 жылдар аралығында «Білім және еңбек» журналында әдеби қызметкер, «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші, «Горизонт»-«Өркен» газетінде редактордың орынбасары, «Жалын» журналының жауапты секретары, Қазақстан ЛКЖО ОК жастар бұқаралық ақпарат құралдары секторының меңгерушісі болып істеді.

1990-1999 жылдары ҚазМУ-дің филология факультетінде аспирант, аға оқытушы, доцент болды. 1994 ж. «Ғұмар Қараштың ақындығы» тақырыбында диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

2006-2007 ж. «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, 2007-2009 ж. «Ана тілі» газетінің бас редакторы. 2009 жылы Астана қаласына ауысып, 2013 ж. дейін «Астана» журналының бас редакторы болып істеді.

Еңбектері

Мақсат Тәж-Мұрат «Шәңгерей: жасампаздық өмірі», «Батыс Алаш-Орда: биобиблиографиялық сөздік тәжірибесі», «Ғұмар Қараш: өмірі мен шығармашылығы», «Кәбиса жыл: зерттеу, эссе, әдеби толғамдар», «Қаһармандық анатомиясы. Мәншүктің мәлімсіз майданы», «Димаш. Когда жаждут крика» кітаптарының және мерзімді басылымдар бетінде жарияланған жүзге тарта мақаланың авторы.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ достарына қайғырып көңіл айтамыз. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *