Құн салығын төлемесе, бұғатталады: Қазақстан шетелдік маркетплейстерге шарт қойды

Жаңалықтар
view 75
news

Фото:depositphotos.com

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) шетелдік маркетплейстер Қазақстанда міндетті түрде тіркеліп, қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуі тиістігін мәлімдеді. Әйтпесе олар жұмыс істей алмайды. Бұл туралы Қаржы министрлігі МКК-нің ҚҚС Әкімшілендіру басқармасының басшысы Еділ Әзімшайық түсіндірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қалай жұмыс істейді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Пәтерді жалға беру: Жаңа жылдан бастап жаңа салық тәртібі енгізіледі

Енді жаңа пәтерін екі жылға жетпей сатқандар салық төлейді

Еділ Әзімшайықтың айтуынша, шетелдік маркетплейстер арқылы жасалған онлайн-сатып алулар бойынша ҚҚС-ты қазақстандық пайдаланушылар емес, сол платформалардың өздері төлейді.

Бұл – шетелдік компанияларға қатысты норма. Олар Қазақстанда тіркелуге міндетті — шартты тіркеу, әділет органдары арқылы емес. Біз арнайы тізілім енгіземіз, соған кіргендер қазақстандық азаматтардың сатып алуларынан бюджетке ҚҚС төлеп отырады. Шетелдік компаниялар ай сайын, келесі айдың 20-сына дейін салық аударады, - деді ол.

Әзімшайық мұндай алаңдарға бақылау тұрақты жүргізілетінін атап өтті.

Біз тіркелу қажеттігі туралы хабарламалар жолдаймыз. Оларға банк операцияларын бұғаттау қолданылмайды, себебі Қазақстанда шот ашпайды. Олар үшін басқа шара қарастырылған: ескерту орындалмаса, олардың интернет-ресурстарына қолжеткізу тоқтатылады, - деп қосты ол.

ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға өседі

Қарапайым тілмен айтқанда: егер шетелдік маркетплейс Қазақстанда тіркелмей, ҚҚС төлемесе, қазақстандық пайдаланушылар сайты қолжетімсіз болып, бұғатталуы мүмкін.

Тіркеусіз олар Қазақстан аумағында әрі қарай жұмыс істей алмайды, - деп нақтылады Әзімшайық.

Оның айтуынша, талапты бұзушыларды МКК Ұлттық банкпен және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, шетелдік интернет-компанияларға төлемдерді талдау арқылы анықтайды. 2026 жылдан бастап мұндай алаңдар үшін де (сондай-ақ барлық өзге салық төлеушілер үшін) ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға өседі.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. ҚҚС бойынша есепке қою шегі екі есе төмендейді: 20 мың АЕК-тен 10 мың АЕК-ке. Яғни қазір айналымы жылына 78,6 млн теңгеден асатын компанияларға қолданылатын бұл режим жаңа жылдан бастап 43,3 млн теңгеден асқандарға таралады. Нәтижесінде ҚҚС төлеушілерінің қатары мыңдаған субъектпен толығады.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин соңғы уақытта ақпараттық алаңда түрлі тізімдерге байланысты алыпқашпа әңгімелер көбейіп кеткенін айтып, салық саясатына қатысты ұстанымдарын түсіндіріп өткен болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *