Қолайлы салық режимін таңдау мүмкіндігі әлі де бар - Жұманғарин

Жаңалықтар
view 72
news

Фотосурет: gov.kz

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, соңғы уақытта ақпараттық алаңда түрлі тізімдерге байланысты алыпқашпа әңгімелер көбейіп кеткен. Сондықтан ол салық саясатына қатысты ұстанымдарын түсіндіріп өтті. 

Ешкімге артық салық салынбайды

Бұл ретте жүргізіліп жатқан жұмысқа «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысып отыр. Министрдің айтуынша, негізгі қағида – кім бұрыннан жеңілдетілген салық режимінде болса, ол әрі қарай да сонда қалады.

Ауыл шаруашылығына да алаңдауға негіз жоқ

Серік Жұманғариннің тезистеріне сәйкес, «жеңілдетілген режимде» өңдеуші өнеркәсіптің тұтынушыға тікелей сатылатын, бірақ ірі кәсіпорындарға жеткізуші немесе офсетке қатысы жоқ бөлігі қалады.

Ауыл шаруашылығы жеңілдетілген режимде болды, енді олар өздері қай салық режимі қолайлы екенін таңдай берсін, - деді министр.

Жеңілдетілген режим сақталады

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, ұсақ көлемдегі бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы және аквакультура «жеңілдетілген режимде» қала береді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы үшін басқа да салықтық режимдердің бар екені атап өтілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *