«Менің ата-анамды, бауырларымды күлкіге айналдырды»: Димаш «Боратпен» сөйлеспек (ВИДЕО)
Жаңалықтар
149
Фотосурет: ашық дереккөзден
Әлемге әйгілі әнші, ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген «Бизнес под капотом» жобасына берген сұхбатында «Борат» фильміне қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қазір оған назар аудармаған дұрыс. Бір кездері онымен кездескім келген. Еркекше сөйлескім келеді. Өйткені ол біздің ұлтымызды қорлады. Оған күйе жақты. Ол менің ата-анамды, бауырларымды күлкіге айналдырды. Онымен кездесу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Тіпті шетелдегі барлық таныстарымды, өзімнің менеджерімді де араластырып, тауып берулерін өтіндім, – дейді Димаш.
Өкінішке қарай, сайқымазақ Саша Бароннан оған қарсы еш жауап болмаған.
Пікірлер (0)