Мәжіліс фонограммамен ән айтуға тыйым салатын заңды қабылдады
Жаңалықтар
279
Фотосурет: ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаттары мәдени-бұқаралық іс-шараларда фонограммаларды пайдалануға шектеу енгізу жөніндегі түзетуді қабылдады. Бұл туралы депутат Еділ Жаңбыршин Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Депутаттың айтуынша, енді концерттерде, ойын-сауық кештерінде, мәдени шараларда әншілер фонограммасыз, тек жанды дауыста өнер көрсетуге тиіс.

Бұл бастама қазақ өнерінің сапасын арттыруға, әншілердің кәсіби деңгейін көтеруге, халықтың мәдени талғамын қорғауға бағытталған. Өнер халыққа адал болуы керек. Фонограммасыз мәдениет – таза, шынайы өнердің кепілі, – деді депутат.
Пікірлер (0)