Енді жаңа пәтерін екі жылға жетпей сатқандар салық төлейді
Фото: ашық дереккөз
2026 жылғы қаңтардан бастап енді алған пәтерін екі жылға жетпей сатқандар мемлекетке ақша төлейді. Қосылған бағаға 10% мөлшерінде табыс салығы салынады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
Мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары Айгүл Аббасованың мәліметінше, бұл тәртіп жылжымайтын мүліктің барлық түріне қатысты.
Айта кететіні, 2026 жылдан бастап жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізіледі. Мысалы, баспананы сату кезінде 36 миллион теңгеден артық қосылған бағаға салық мөлшері 15% болады. Ал 36 миллион теңгеден төменге 10% мөлшерінде салынады, – деді Айгүл Аббасова.
Қаңтардан бастап Қазақстанда азаматтар алған жылжымайтын мүлікті екі жылға жетпей сатса, мемлекетке табыс салығын төлеуге міндетті болады. Бұл ереже жылжымайтын мүліктің барлық түріне қатысты. Бұған дейін үйді салықсыз сату үшін тек 1 жыл күту жеткілікті еді.
Пікірлер (0)