«Өте қорқынышты»: Баян Алагөзова Нұр-Мүбәрак ұстазының сөзінен шошып қалған
Жаңалықтар
148
Фото: YouTube
Танымал продюсер Баян Алагөзова Алматыдағы Нұр-Мүбәрак университеті ұстазының «педофилдер – Алланың барына дәлел» деген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Алагөзова не айтты
Мынау өте қорқынышты. Мына университет қабырғаларында не болып жатыр? - деді продюсер.
Ұстаздың шулатқан сөзі
Педофилдің болуы – Алланың бар екеніне дәлел. Неге олай деп ойлайсыздар? Жігіттер, егер Алла болмаса әрі біздің қалауымыз болса, онда педофил болмас еді. Біздің қалаған нәрсенің қарсысы болып тұр. Ол нені білдіреді? Онда сенің қалауыңның орындалмауын біреу қалап тұр. Сенде бүкіл нәрсенің орындалмауы осыған дәлел, – деді дәріс оқушы.
Пікірлер (0)