«Педофилдер – Алланың барына дәлел»: Нұр-Мүбәрак университетінің ұстазы желіні шулатты (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде тараған Нұр-Мүбәрак ислам мәдениеті университеті ұстазының жаға ұстатарлық сөзі желі қолданушыларының ашуын туғызды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қатын алуды ұлықтай бермеңдер!»: Нұрлан имам ескерту жасады (ВИДЕО)
«Исламға реформа керек»: жазушы имамдар нәпсінің қалауы арқылы уағыз жүргізетінін айтты
Шардарада телефон шұқылап жататын имам азаншысын боқтап, жамағаттан ақша жинатып қойған
«Мешітте азан шақырады»: бас имам әкесін аяусыз ұрып-соққан адамға қатысты мәлімдеме жасады
Ол не айтты
Бейнежазбада ол Алланың барына дәлелдердің бірі ретінде педофилдерді атаған.
Педофилдің болуы – Алланың бар екеніне дәлел. Неге олай деп ойлайсыздар? Жігіттер, егер Алла болмаса әрі біздің қалауымыз болса, онда педофил болмас еді. Біздің қалаған нәрсенің қарсысы болып тұр. Ол нені білдіреді? Онда сенің қалауыңның орындалмауын біреу қалап тұр. Сенде бүкіл нәрсенің орындалмауы осыған дәлел, – дейді дәріс оқушы.
Ұстаздың аты-жөні әзірге белгісіз
Алайда видеоны жариялаған әлеуметтік желі қолданушысы оның дәл осы діни оқу орнында ұстаздық ететінін жазған.
Бұдан төмен қайда құлдырауға болады?! «Педофилдер – Алланың бар екенінің дәлелі»., «Айтпақшы, бұл сөзді қарапайым адам емес, Алматыдағы Нұр-Мүбарак ислам университетінің оқытушысы айтып отыр», – деп жазып жатыр желі қолданушылары.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: “19 жастағы қызды 5-әйелі етіп алды”: танымал имам туралы тың дерек шықты
«Боди массаж жасатады»: мешіттің қызметкерлері имамның үстінен арызданды
Пікірлер (0)