Шардарада телефон шұқылап жататын имам азаншысын боқтап, жамағаттан ақша жинатып қойған
Фотосурет: дереккөз
Түркістан облысында мешіттің азаншысы бас имамның ай сайын жамағаттан ақша жинауға мәжбүрлейтінін, айтқанын орындамаса боқтап, балағаттауға дейін баратынын жайып салды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Todayinfo-ға сілтеме жасап.
Мешіт азаншысының айтуынша, бас имам тіптен жұманы жүргізу үшін де ел алдына шықпайтын көрінеді.

Түркістан облысы Шардара ауданындағы Қонар ата мешітінің азаншысы болып тіркелген дін қызметкерімін. Аты-жөнім – Жүніс Сартаев. Ауданымыздың бас имамы Марат Асанов мені өзінің қасына шақырып, 1,8 жылдан бері сол жерде істеп жатырмын. Бас имамды әлі көрген емеспін. Имамдық қылуға, жұманың хұтпасына шыққанын көрген жоқпын. Тек жылына 2-3 рет уағыз айтты. Бұл кісі мешіттің қасындағы офисте телефон шұқылап жатады, - дейді ол.
Жүніс Сартаевтың айтуынша, бас имам садақаға түскен қаражаттың 30 пайызын мүфтиятқа жіберетінін айтып, коммуналдық қызметке ақшаны ел-жұрттан жинатады екен.

Мешіттің коммуналдық қызметіне ай сайынғы төлем келген кезде бізге қысым көрсетеді, жамағаттан ақша жинап, содан төлеп тастаңдар дейді. Мен жинап, төлеймін. Сосын жамағат менен сұрайды, «неге жәшікке түскен ақшадан төлемейсіңдер?» деп. Мен оны бас имамнан сұрасам, шәкіттерінің көзінше боқтайды. Бұл жағдайларды Түркістан облысының бас имамына айттым, ол шара қолданбады. Сондықтан мен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлынан «садақа жәшікке түскен ақшаның 30 пайызын мүфтиятқа жібереміз» деп сіздерге кір келтіретін, жастарға қысым көрсететін имамдарға шара қолдануды сұраймын, - дейді азаншы.
Пікірлер (0)