Петропавлда ересек адам 12 жастағы қызға қол көтерді (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 68
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан ер адамның жасөспірім қыздың басынан ұрғанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Петропавлдағы №2 автобуста болған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Екі ер адам шамамен 12 жастағы екі қызға тиісіп, бейәдеп сөздер айтқан. Оларға жасөспірімдердің сыртқы келбеті ұнамаған. Жолаушы бойжеткенге болысқанмен, жанжал ушыға түскен.

Қыз қатты қорқып, жылады. Ал автобустың кондукторы оқиғаға мүлде араласқан жоқ. Бірден полиция мен жедел жәрдем қызметкерлерін шақырдық, - дейді автобуста болған жолаушы.

 Тәртіп сақшылары күдіктілерді ізін суытпай анықтап, қызға қол жүмсаған ер адамды қамауға алды.

Қала ішіндегі автобуста кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша полиция дереу шаралар қабылдады. Күдікті бірден ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Балаларға қатысты мұндай әрекеттер заңды өрескел бұзу ретінде бағаланады және қатаң жазаланады. Бұл жағдай толық полиция бақылауында,  деп жауап берді СҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *