Ақтауда І топ мүгедегі соққыға жығылды

Жаңалықтар
view 67
news

Фотосурет: дереккөз

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше күтімді қажет ететін адамның соққыға жығылғаны туралы ақарат тарады. Полиция болған жағдайға байланысты тергеуді бастады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленушінің отбасы Мақсат Құлмағамбетов денсаулығына байланысты №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрып жатқанын айтты. 2 қазанда анасы ұлына кешкі асын апарып бергенде оның аяусыз соққыға жығылғанын көрген. Жәбірленушінің айтуынша, оны басқа науқас ұрып-соққан.

Беті ісіп кеткен, көзін аша алмады. Оның отбасына болған оқиға туралы хабарламады. Мекеме өкілдерінің айтуынша, сол сәтте бейнебақылау камералары жұмыс істемеген. Оны басқа науқас па, әлде орталық қызметкері ме, кімнің ұрып-соққаны белгісіз. Бізге бейнежазбаны көрсетпей отыр, нақты жауап та бермейді. Директордың айтуынша, мұндай жағдайлар болып тұрады, ал ол істі жылы жабуға тырысып жатыр. Неліктен бізге оқиға болған күні хабарласпады? Біз бәрін тек өзіміз келіп көрген кезде ғана білдік, – дейді Мақсаттың туыстары.

Жәбірленуші тарап Маңғыстау облысының прокуратурасы мен денсаулық сақтау басқармасын болған оқиға бойынша жан-жақты тексеру жүргізуге шақырды.

№1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Амангүл Нұрлаева оқиғаның қалай болғанын түсіндіріп берді.

Біздің орталықта 1 қазанда қызмет алушылардың бірі – ІІ топ мүгедегі, шизофрения диагнозы бар Болат есімді азамат І топ мүгедегі, ақыл-ой кемістігі диагнозы бар екінші қызмет алушы Мақсат Құлмағамбетовке дене жарақатын салды. Салдарынан Мақсаттың беті жарақаттанып, гематоманың, сырылған және тырналған іздердің орны қалды, – деді Амангүл Нұрлаева.

Оның айтуынша, бұл жағдайға байланысты барлық мән-жайды объективті түрде анықтау үшін жоғары тұрған уәкілетті орган тарапынан қызметтік тексеріс тағайындалған.

Сондай-ақ директор қалған мәліметтерді қызметтік тергеу аяқталғаннан кейін ұсынуға уәде берді. Ал өңірлік полиция өкілдері қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *