Кәсіпкерлер «Қайраттың» тағы бір қақпашысына көлік сыйлады (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 59
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Алматылық «Қайрат» ФК-нің УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына үлкен үлесін қосқан қақпашы Темірлан Анарбековтің де еңбегі еленді. Отандық кәсіпкерлер футболшыға су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Темірлан Анарбековке көлікті сыйға тарту еткен сәттің видеосы Instagram желісінде жарияланды. Бейнежазбада кәсіпкерлердің қақпашыға автокөлік кілтін табыстап жатқанын көруге болады.

Кездесуге Темірланмен бірге жақындары да барған. Кәсіпкерлер футболшының анасына алғысын білдіріп, үлкен гүл шоғын сыйлады.

«Қайрат» футбол клубының қақпашысы мұндай сыйды мүлде күтпегенін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Ассалаумағалейкум, барша қазақ халқына! Көріп, естіп жатырмын. Барлықтарыңызға алғысым шексіз! Нәтиже менің емес, бүкіл клубтың, Қазақстанның көмегі деп ойлаймын. Сіздер де жанкүйер болсаңыздар, біз өзімізді одан да жақсы көрсетеміз, бұйыртса, - деді Темірлан Анарбеков.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *