Степногорскіде жарыс кезінде төбелес шығарған бапкерлер жауапқа тартылды

Жаңалықтар
view 102
news

Фото: видеодан скрин

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты балалар арасындағы грэпплинг турнирі кезінде бапкер мен төреші арасындағы төбелеске қатысты әкімшілік істі қарады. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тез таралып, қоғамда үлкен пікірталас туғызған болатын, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Видеода бірнеше ер адам бапкерлер өзара сөзге келіп, итерісіп, бір-біріне жұдырық сілтемек болғаны көрінеді. Оларды ажыратуға ата-аналар мен турнирге қатысушылар араласқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Степногорскіде екі бапкер жарыс кезінде төбелесті (ВИДЕО)

Сот қаулысы

Тексеруден соң полиция Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша іс қозғады.

С және Ш қалалық турнир кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен айналадағы адамдардың тыныштығын бұзған әрекеттер жасаған, – делінген сот қаулысында.

78 640 теңге айыппұл салынды

Сот отырысында төреші мен бапкер кінәсін мойындап, кешірім сұрап, қатаң жаза қолданбауды өтінген.

Сот қаулысымен С мен Ш кінәлі деп танылып, әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлады сот.

Сот шешімдері әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *