«Исламға реформа керек»: жазушы имамдар нәпсінің қалауы арқылы уағыз жүргізетінін айтты

Жаңалықтар
view 234
news

Фото: ҚМДБ

Жас жазушы Есбол Нұрахмет facebook-тегі парақшасында Ислам діні туралы сөз қозғап, мешіттегі имамдардың уағызын тқтастай жаңарту керек екенін жазды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, сенім бірде әлсіреп, енді бірде күшейетіні бар. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Шардарада телефон шұқылап жататын имам азаншысын боқтап, жамағаттан ақша жинатып қойған

«Мешітте азан шақырады»: бас имам әкесін аяусыз ұрып-соққан адамға қатысты мәлімдеме жасады

«Арғы дүниеге сенімі әлсірей қалғанда...»

Исламға реформа керек. Қазіргі молдалар көбінде мына дүниеде көрмеген рахатты ана дүниеде көресің, «хор қыздары, шарап» деп нәпсінің қалауы арқылы уағыз жүргізеді. Есін енді жинап жүрген, дүниенің оң-солын әлі танымаған жас бала осы уағызға қарап: «нәпсінің қалауын іздеу норма нәрсе екен ғой, Алланың өзі оны бізге арғы дүниеде дайындап қойыпты» деген ойға келеді. Және түпкі мақсат хор қызын құшуға ғана тіреледі. От боп жанып, не ұсынсаң соны қабылдап тұрған жасты осылай бірден нәпсіге бағыттап жібересің.

Ал сенім деген нәрсе бірде әлсіреп, бірде күшейетіні тағы бар. Сондай бір арғы дүниеге сенімі әлсірей қалғанда жаңағы көкейдегі нәпсінің өтеуін осы дүниеден іздейді. Кейін күнәға батқан соң, қайта тәубесіне келіп, намаз оқып, Алласынан кешірім сұрайды. Бірақ күнә жасалып қойды, ол кейде жай күнә емес, үлкен қылмыс түрінде де жүзеге асады, - деп жазды жазушы.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: “19 жастағы қызды 5-әйелі етіп алды”: танымал имам туралы тың дерек шықты

«Боди массаж жасатады»: мешіттің қызметкерлері имамның үстінен арызданды

«Тұтас халық сенімсіз өмір сүре алмайды»

Есбол Нұрахметтің пікірінше, саналы адамның атеист болып, сенімсіз де өмір сүре беруіне болады.  

Сондықтан молдалардың уағызын тұтастай жаңарту керек. Жақсылыққа тек жақсылықпен, адамшылықпен уағыздау керек. Жақсы жүріп жететін жерің тағы да нәпсінің қалауы болса, сен ешқашан нәпсіні тізгіндемейсің, керісінше семірте бересің. Өйткені көкейіңде анау хор қызын құшып, шарапқа тоятын сәтің тұрмай ма?

Алланың жүзі, пайғамбардың мәслихаты, күллі ғаламның ілімі, көңілдің толық тыныштығы деген нәрселер бар ғой, мысалы.

Саналы адам атеист боп, сенімсіз өмір сүре беруге болар. Бірақ тұтас халық сенімсіз өмір сүре алмайды. Исламға реформа ең әуелі діннің өзі үшін керек. Есті жұртты өзінен жерітпеу үшін керек, - деп жазды қаламгер.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *