Шығыс Қазақстан облысында болған ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты
Жаңалықтар
272
Фото: видеодан скрин
Шығыс Қазақстан облысында ірі жол апаты болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Полицияның мәліметінше, жол апаты 4 қараша күні Өскемен – Риддер тасжолында болған. ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігі соқтығысқан.
Оқиға салдарынан 5 адам жан тапсырып, 1 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында ірі жол апаты болып, 12 адам қаза болғанын жазған едік.
Пікірлер (0)