Ақтөбе облысында ірі жол апаты болып, 12 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 488
news

Фото: видеодан скрин

Ақтөбе облысында Самара – Шымкент трассасында ірі жол апаты болып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Қайғылы оқиға Белқопа ауылына жақын маңда болған.

Полицияның мәліметіне қарағанда, 23 қазанда жүк көлігі DAF пен жолаушылар мінген «Газель» жоғары жылдамдықпен соқтығысқан.

Алдын ала дерек бойынша, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, екі көліктің жүргізушілері мен «Газельдің» он жолаушысы оқиға орнында мерт болған. Тағы бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын анықтап жатыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Белгілі болғандай, "Газель" ресми түрде Жүргенев ауылы мен облыс орталығы арасында жолаушы тасымалдаған, – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті. 

Қазір апат орнында полицейлер мен тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сараптама жүргізіліп, оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *